Выбор языка
- Votes: (0%)
- Votes: (0%)
- Votes: (0%)
Total Votes: | |
First Vote: | |
Last Vote: |
- Подробности
- Категория: Жаңалықтар
«Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі педагогтарының жобалық-зерттеушілік әрекеті» тақырыбы бойынша облыстық семинар
2018 жылдың 17 қаңтарында Теміртау қаласының №12 «Алтынай» бөбекжайы базасында «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалық-зерттеушілік әрекеті» атты тақырыпта облыстық семинар-практикум өткізілді. Теміртау қаласы білім беру бөлімінің қатысуымен №12 «Алтынай» бөбекжайының педагогтер ұжымы осы тақырып бойынша алдын-ала қалалық семинар өткізіп, онда жұмыс тәжірибесі зерделеніп, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Облыстық семинар мақсаты: жобалық-зерттеушілік әрекетке әдістемелік қолдау көрсету мәселесі бойынша мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін көтеру.
Семинарға Қарағанды, Саран, Шахтинск, Теміртау қаласының, Абай, Осакаровка, Нұра, Бұхар-Жырау аудандарынан 30 педагог қатысты.
Семинар басында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Д. Бугубаева баланың дамуындағы тәрбиешінің рөлі анық ашылып көрінетін «Қыр-сыры ашылмаған адам мүмкіндіктері» атты әдістемелік презентациясын ұсынды.
Ары қарай Теміртау қаласының №12 «Алтынай» бөбекжайының директоры М.А.Ткачева өзінің «Жобалық әрекет бойынша МДҰ жұмысын ұйымдастыру» атты тәжірибе-презентациясында оқу әрекеті және өз бетінше әрекетті ұйымдастыруда жобалық әрекетті енгізу бойынша әдістерді, тәсілдерді және технологияларды ашып көрсетті.
Теміртау қаласының №12 «Алтынай» бөбекжайының педагогтері Е.А.Зубкова (тәрбиеші), В.В.Дмитриева (тәрбиеші), Ж.Б.Мақсұтжан (қазақ тілі мұғалімі), Л.А.Высоцкая (ағылшын тілі мұғалімі) ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен балалар эксперименттеулері бойынша шебер-сыныптар көрсетті.
Теміртау қаласы №12 «Алтынай» бөбекжайының тәрбиешісі О.В. Игонина семинарға қатысушылармен «Лэпбук – ата-ана-бала-педагогтің өзара әрекет аймағы» атты тақырыпта шебер-сынып көрсетті.
Күннің екінші жартысында Теміртау қаласы №12 «Алтынай» бөбекжай әдіскері Б.М. Хамитова «жобалық-зерттеушілік әрекет білгіштері» атты тақырыппен қатысушылардың білімін бекіту және демонстрациялау мақсатында «Своя игра» өткізді.
Ары қарай Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Д. Бугубаева «Метаплан» атты ұйымдастырушылық-әрекеттік ойын ұйымдастырды. Бұл ойында педагогтер жобалық-зерттеушілік әрекеттің нақты қадамдарын дайындап шығарды.
Қорытындылау кезінде барлық қатысушылар өздерінің пікірлерін айтты, нұсқаулықтар берілді, сонымен қатар семинар ұйымдастырушыларға семинар кезінде алынған жағымды көңіл-күй, білім бергендері үшін алғыс айтылды және өз тәжірибелерінде осылардың бәрін қолданатындарын жеткізді.
Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарының облыстық кездесуі Теміртау қаласы №12 «Алтынай» бөбекжайы тәрбиеленушілерінің семинар қатысушыларына арналған «Эксперименттер – бұл керемет!» атты қорытынды музыкалық жолдауымен аяқталды.